ҒАРЫШКЕРЛЕР ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІН КИІП, ТӘТТІСІНЕН ДӘМ ТАТТЫ
Бүгін ғарыштан оралған халықаралық ғарыш экипажының мүшелері Максим Сураев, Рид Уайзман және Александр Герстке сыйлыққа алтынмен әрленген қазақтың ұлттық киімдері берілді. Сонымен қатар, жергілікті кондитерлік фабрика өкілдері оларға тәттілерін ұсынды, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Біз ғарышкерлерге қазақтың үлттық киімдері – алтынмен әрленген шапан мен тымақ әзірлеп қойдық. Шекпенге гүлге ұқсатып қазақтың ою-өрнегі түсірілді. Сонымен бірге, ғарышкерлерге жергілікті кондитер фабрикасы дайындаған тәттілер ұсынылды. Біздің сыйлықтарымыз өте қатты ұнады», - дейді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко.
Экипаж мүшелері ғарышта жарты жыл болып, Жерге бүгін таңертең оралды. Қазір олардың орнына ғарышқа ресейлік – Александр Самокутяев пен Елена Серова және америкалық Барри Уилмор жіберілді.