ІЗДЕГЕН ЖАНҒА ЖҰМЫС БАР

Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес ауданда жыл басынан бері 92 мекемеден 108 бос жұмыс орнына сұраныс беріліп, 4 рет жәрмеңке өткізілген екен. Жәрмеңкеге 189 жұмыссыз қатысып, нәтижесінде 108 адам тұрақты жұмысқа, 52 тұрғын ақылы қоғамдық жұмысқа, 5 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, тағы 13 жұмыссыз жастар тәжірибесіне жіберіліп отыр.
Жалпы осы жылдың маусым айына дейін аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына 1146 адам хабарласып, 323 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.