ТАРИХИ ОРЫНДАРҒА ТАНЫМДЫҚ САПАР
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен "Ұлы Дала Елі" тарихи-танымдық экспедициясы жолға шықты.
Экспедиция Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында атап өткен "Туған жер" бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени орындармен танысу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Топтың құрамында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, директордың орынбасары Рахима Ахметова, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен мүшелері, ғылыми-сараптамалық топ, журналистер мен сарапшылар клубының және жастар қанатының мүшелері бар.
Экспедиция ең әуелі Түркістан қаласында болды. Осыдан кейін тарихи шаһарға танымдық сапар жасаған топ Арыстанбаб кесенесіне барды.