КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ысқақовтың қатысуымен "Көлік қызметкерлері күні" кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
Онда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп, аймақта осы салаларды дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан мереке иелері марапатталды.
Мереке иелерін құттықтап, бұл саланың ел дамуындағы алар орны айрықша екендігін атап өткен Қ. Ысқақов бірқатар мамандарға облыс әкімінің Алғыс хаты мен грамоталар табыс етті. Ал ҚР Инвестициялар және даму министрінің Алғыс хатын жеке кәсіпкер Алтынбек Ахметов иеленді.