ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫ КЕҢЕЙЕ ТҮСТІ
Биыл Қазалы ауданында мүгедектерді тасымалдау үшін «Инватакси» қызметін ұйымдастыруға 4800 мың теңге бөлініп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Жас орда» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болды. Қоғамдық бірлестік осы жылдың 6 айында мүмкіндігі шектеулі жандардан 221 тапсырыс қабылдап, оларға 1566 мың теңгенің қызметін көрсетті.
Жүріп – тұруы қиын І – топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін сатып алу бойынша бюджеттен қаралғаны 8595,0 мың теңге. Мемлекеттік әлеуметтік конкурс бойынша жеңімпаз болған «Қазалы - Самғау» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен жасалған келісім шарт арқылы 98 бірінші топ мүгедегінің жеке көмекшілері қызметіне 6339 мың теңге төленді.
Ымдау тілі маманының қызметіне 1501,0 мың теңге қаралып, 6 айда мүгедекке қызмет көрсеткен 1 ымдау тілінің маманы 679,8 мың теңгенің қызметін жасады
Мүмкіндігі шектеулі жандарға және тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік жағдайы жағынан төмен отбасыларын қолдау мақсатында шаралар ұйымдастыру үшін жыл көлемінде 2210,0 мың теңге қаржы қаралып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» бойынша Қазалы аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен 297,2 мың теңгеге келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілді.