БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда қалалық білім бөлімінде Қазақстан Республикасының кейбір Заңнамалық актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қызметте қолдану, аппаратпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барысында туындайтын мәселелер мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті.
Оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды.
Семинарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында туындайтын мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары қаралып, іс-шараның қорытындысы бойынша қызметкерлердің сұрақтары мен ұсыныстарына жауаптар мен тиісті түсіндірмелер берілді.