ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

2016-2017 оқу жылының аяғында Арал ауданында 3 бірдей мектеп пайдалануға берілген болатын. Осынау ақжолтай жаңалық өз жалғасын табуда.
Беларан ауылдық округіндегі ескі мектептің жағдайы мұғалімдерге және білімге құмар жастарға көп кедергілер келтіріп тұрған болатын. Соған орай биылғы жылдың жоспарына енген ауқымды жобалардың бірі аталмыш ауылға жаңа мектеп тұрғызу еді.
Аталмыш мектеп ғимаратының іргетасын қалау жұмыстары басталып та кетті. Облыстық бюджет тарапынан қаржыландырылып отырған осы нысан құрылысын салуды өз мойынына алған ТОО «SCS Инженеринг» мекемесі қызу жұмыс жүргізу үстінде. Мекеме басшысы Нұрлан Аманбаев 50 орындық мектеп пен 20 орындық балабақшаның сапалы болатынына уәде беріп отыр.