ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
Шиелі ауданының бір топ оқушылары жетекшілерімен бірге «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалау үшін Астанаға жол тартты.
Жолға шыққан алғашқы топта 90 оқушы бар. Олар әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен дарынды оқушылар. Жалпы аудан бойынша қыркүйек айына дейін 520 бала көрмені тамашалайды деп жоспарлануда.