ҚАЛА ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА МАЛ БАСЫ КӨБЕЙІП, ЕГІН КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

Осы жылғы 1 шілдеде меншіктің барлық нысандары бойынша 18614 ірі қара, 20030 қой-ешкі, 5209 жылқы, 1974 түйе өсірілуде. Есепті мерзімде 393,3 тонна ет (тірідей салмақпен), 1612,5 литр сүт, 123,4 мың дана жұмыртқа өндірілген.
Биыл «Сыбаға» бағдарламасымен 263 бас аналық сиыр, 9 бас асыл тұқымды бұқа алу межеленген болса, «Құлан» бағдарламасы аясында 63 бас бие, 5 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған.
Сонымен қатар, «Алтын асық» бағдарламасы аясында 125 бас қой және 5 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу көзделуде.