ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР СОЛТҮСТІКТЕ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА НИЕТТІ

Бұл туралы бүгін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұрат Ергешбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, басқа облыста жұмыс істеуге ниетті жандарға бір реттік қайтарымсыз қаржы беріліп, баспанамен қамтамасыз етілмек.
Баспасөз-конференциясында басқарма тарапынан атқарылған жұмыс та баяндалды. Облыста «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүйелі жүзеге асуда. Оған 4,1 млрд. теңге бөлінген. Бағдарламаға қатысушы ретінде 7067 адам енгізілді.
Жастар тәжірибесіне мекеме, кәсіпорындарға 886 адам жолданды, соның ішінде 49–ы тұрақты жұмысқа орналасты.
Өткізілген акциялар аясында 4328 адамға 20,5 млн. теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.