ҚАМБАР АТА ТҰҚЫМЫН ТҮЛЕТУГЕ БЕЛ БУДЫ

Ол өткен жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша мемлекеттен 10 млн теңге несие алып, жұмысын бастап кеткен қожалықта бүгінде 35 бас бие мен 4 асыл тұқымды айғыр бар. Қамбар ата тұқымын асылдандырып, текті жануардың санын еселемекке бел буған кәсіп иесі өздеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ризашылығын білдірді.
-Шүкір, қазіргі уақытта шаруа жасаймын деген жанға мемлекет барлық мүмкіндікті жасап отыр ғой. Кейде өзіміз сол мүмкіндіктерді пайдалануға құлықсыз болып жатамыз. Қазір шүкір, үкімет берген ақшаға азын-аулақ жылқы малын алып, бағып жатқан жайымыз бар. Қолдау арқылы елде мал шаруашылығы қанат жая түседі деп ойлаймын,-дейді шаруа қожалығының жетекшісі Б. Асанова.