БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Облыстық энергетика және коммунлдық шаруашылық басқармасының есебінше былтыр бағдарлама бойынша ауыз су жүйелеріне 5723,8 млн. теңге бөлініп, 5 жобаның құрылысы басталды. Оның ішінде, «Тасбөгет» кентінің су тазарту құрылғысынан 2-ші көтергіш насостық станциясынан бастап «Южный» КП дейінгі су құбырын жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Құрылыс 2017 жылы 19 сәуірде мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданды. Бүгінгі күнге, 2530,9 млн. теңге игеріліп, 182,4 км сумен қамту жүйелері жүргізілді.
Ал осы жылы 36 жобаға 5 787 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілді.
«2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2017 жылы сумен қамту және суды бұру жобаларына республикалық бюджеттен 770,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 85,5 млн. теңге қаржы бөлінген.