ҚАРМАҚШЫДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Ауданда салынып жатқан іргелі құрылыстың бірі «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» шағын мөлтек ауданындағы 300 орындық №183 орта мектеп. Осыған дейін аймағымызда көптеген әлеуметтік нысандарды халық игілігіне пайдалануға беруге атсалысқан білікті сала маманы Әділхан Маштаев басшылық жасайтын «Аман-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрыш қолды құрылысшылары мектепті өз мерзімінде тапсыруға жұмыстар атқаруда.