ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Тасқынбаева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы іріктеу кезеңіне фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, дәстүрлі ән, халық аспаптары, домбыра (жеке орындау), эстрадалық ән салу, бейнелеу өнері, тележурналистика, аспаппен орындау (трубамен), қылқобыз ойнау жанрлары бойынша 52 талапкер қатысып, іріктеуден сүрінбей өткен 17 өнерпаз жасқа 22 тамызда Қызылорда қаласында өтетін облыстық байқауға жолдама берілді. Қалған талапкерлерге қатысқандары үшін арнайы алғыс хаттар табысталды.