АУДАНДА ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Еліміздегі тұрақтылық пен бірлік мемлекеттің ішіндегі этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасқа да тәуелді. Бұл тұрғыда әр түрлі ұлт пен ұлыс, конфессиялар арасындағы сенім және өзара түсіністік қалыптасқан біздің аймақта да ауқымды жұмыс атқарылуда.
Қазіргі таңда Шиелі ауданында 32 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның ішінде ислам бағытындағы 31 мешіт және пресвитериандық «Шиелі» шіркеуі жұмыс жасауда. Ислам бағытындағы мешіттердің 3-і кентте, 28 ауылдық округтерде орналасқан.
Аудан әкімдігі жанындағы «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің» 2017 жылға арналған жұмыс жоспары және «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және діни экстремизмнің алдын алу» мақсатында ұйымдастырылатын ақпараттық-түсіндіру тобының 2017 жылға арналған іс- шаралар жоспарлары бекітілді.
Бүгінде тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру мақсатында tauhid.kz ислами ағартушылық порталы жұмыс жасауда.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында аудан көлемінде 2017 жылдың І тоқсаны бойынша өткізілген іс шаралар саны - 49 болса, оның ішінде 44 кездесу, 1 дөңгелек үстел, 4 акция өткізіліп, барлығы 2685 адам қамтылды.