«ЖАЛЫНДАҒЫ» ЖАРҚЫН ДЕМАЛЫС
Мектеп оқушыларының жазғы маусымда демалысын сәтті ұйымдастыру бағытында Сырдария ауданындағы «Жалын» тынығу лагері жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Биылғы жылы лагерь ұжымы балаларға арнап жан-жақты демалыс көздерін қарастырған.
Жаз айлаларында 7 ауысым бойынша балаларды қабылдайды. Әр ауысым бойынша 130 бала демалуда. Демек, барлық ауысым негізінде 910 балаға қызмет көрсетіледі. Жаңашылдыққа бетбұрыс жасаған мамандар тақырыптық маусымдарды қарастыра білген. І ауысымда «Қызықты математика», ІІ ауысымда «Ағылшын әлемінде», ІІІ ауысымда «Жас жұлдыздар», ІV ауысымда кәсіподақтың жеңілдетілген жолдамасымен демалатын балалар V ауысымда «Шынықсаң шымыр боласың», VІ ауысымда «Интеллектуалдық алаң», VІІ ауысымда «Ғұламалар тағылымы» секілді атауларға байланысты балғындар тынығатын болады. Аталмыш тақырыптар негізінде ауысым бойынша қосымша мамандар шақырылып, үйірмелер, сабақтар, өзара жарыстар, мерекелік шаралар өткізілуде.
– Тынығушылардың демалысы қызықты өтуі үшін «Ұлағат Ұландары» жастар бірлестігінің мамандары белсенді жұмыс жасайды. Лагерьде 8 топқа бір тәрбиешіден бекітілген. Балалар денсаулығын, тәртібін, қадағалау мақсатында дәрігер, инспектор маманы қамтылған. «Жалын» тынығу лагерінде спорттық ойын алаңы, 130 адамға арналған асхана, санитарлық талапқа сай жатын үйлер орналасқан. Күн сайын арнайы арнайы күн белгіленіп, шаралар ұйымдастырылады,- дейді лагерьдің аға тәлімгері Махаббат Сайымова.
Тынығушыларға жарқын көңіл-күй мен демалыс сыйлайтын мамандар жұмысына сәттілік тілейміз.