ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Аудандық құрылыс бөлімінің әкімшілік ғимаратының шатырының жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 1,0 млн теңге; М.Шаменов атындағы елді мекеніндегі 300 орындық №34 орта мектептің құрылысы жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 6,8 млн.теңге қаралған болатын. Сондай-ақ, орталықтандырылған кітапхана ғимаратына шағын бу қазандығын салу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 1,7 млн.теңге және Жаңадария, Аққыр, Мақпалкөл елді мекендердің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына мемлекеттік сараптамадан өткізілген ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 26,0 млн.теңге бөлініп, қаржылар толығымен игерілді.
Сонымен қатар, Мырзабай ахун ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы жұмыстарына жергілікті бюджеттен 22,1 млн.теңге бөлінді. Бөлінген 22,1 млн.теңгенің 3,6 млн.теңгесі игерілді. Қалған қаржы аудандық мәслихаттың сессиясымен қысқартылды.