ЕҚҚДБ МАҢЫЗДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ЖӘРДЕМ БЕРУДЕ - Қ.КӨШЕРБАЕВ
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылорда қаласына заманауи 120 автобус сатып алуға несие бөлді. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті.
«ЕҚҚДБ біздің облыстағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруымызға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, облыс орталығы Қызылорда қаласында қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында экологиялық тұрғыда таза жанармаймен жүретін, мүгедектерге ыңғайлы 120 автобус сатып алынады. Оның 20-сы қазіргі уақытта қала көшелерінде қызмет көрсетуде, ал қалған 100-і таяу аралықта жеткізілетін болады», - деді Қ.Көшербаев Қызылорда облысы мен қаласының әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру туралы алдын ала келісімге қол қою рәсімінен кейін.
Оның атап өтуінше, банк бұл өңірде құны 60 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны жүзеге асыруда. Әкім олардың бірқатарына да тоқталып өте келе: «Қызылорда қаласын сумен және жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту, Қызылорда облысының электр желісін дамыту жобаларын қаржыландыру бойынша алдын ала келісімге қол қойылды. Банктің шынайы қолдауын өңірдегі жеке бизнес те сезінуде. Сонымен қатар ең жаңа электр үнемдеу технологияларын қолдану арқылы облыс орталығын жарықтандыру жобасын талқылаудамыз», - деді Қ.Көшербаев.