ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті.
ҚР әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Г.Алтынбасова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Г.Әбдіқалықова қатысқан кездесуде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар барысы, оларға берілетін техникалық көмекші құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесінің кеңейтілгені айтылды.
Емен-жарқын рәуіште өткен кездесуде қызмет алушылар тарапынан әлеуметтік көмектерге байланысты түрлі сауалдар қойылды. Оған байланысты түсіндірмелер жасалды.
Жиын сонында Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізілген «Кәсіпкерлікке бейімдеу» тақырыбында семинар сабақтарының қорытындысы жарияланып, 12 қызмет алушыға сертификат табысталды.