КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті «Күз-2017» мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады. Атап айтсақ, департаментке қарасты басқарма, бөлімдерде шақырылуға жататын 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды алдын - ала зерделеу және іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады «Сыр бойы» газеті.
Бекітілген жоспар аясында, облысқа қарасты қала және аудандық, ауылдық округтердің әкімдері зерделеу үшін тартылған лауазымды адамдармен бірлесе, шақырылушылардың тізімдері жасалынуда. Сонымен қатар, Қарулы Күштерінің әскер тектері мен түрлері бойынша командаларын жасақтау үшін тағайындалған денсаулық жағдайы бойынша және тиісті білім деңгейі мен мамандығы бар әскерге шақырылушылар жеке істерінің кортотекасы дайындалып жатыр.
Аталған жұмыс барысына жауапты әскери қызметшілермен, білікті мектеп психологтары азаматтармен, және ата-аналарымен кездесу жүргізуде.
Келесі кезекте, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына тексеру үшін іріктеп алынған әскерге шақырылушылардың тізімдерін жолданады:
Төменде көрсетілген кезеңдер бойынша құзырлы ұйымдардан сұрау салынады:
1) емдеу-алдын алу мекемелерінде (психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, туберкулез, онкологиялық диспансерлер) есепте тұратын, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке әскерге шақырылуға жататын азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттар;
2) құқық қорғау органдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар мен тергеуде болып табылғандардың тізімдерін:
3) халықты әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұратын (мүгедектер)
4) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарынан дәстүрлі емес діни және радикалдық діни көзқарасты ұстанушылардың, белгіленген тәртіппен тіркелмеген партиялар, қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің тізімдері;
5) оқу - орындары мен мекемелері психологтарының қорытындылары;
6) Аумақтық уәкілетті органдардан (оқу орындары, ішкі істер басқармалары (бөлімдері), құқықтық статистика және ақпараттар орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен) бірлесе зерделеу шарасы жүргізілетін болады.
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметі