ЖОБА АЯСЫНДА ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды біріңғай қабылдау ұйымдастырылды. Бұл туралы nurotan.kz сайты хабарлап отыр.
Іс-шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына ем қабылдауға қатысты жеңілдіктер мәселесі, балалардың оңалту орталықтарына жатқызу мен білім алуы жөнінде кеңес сұрап келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қабылдауға алғаш болып келген қала тұрғыны Пернегүл Құшманова 1996 жылы дүниеге келген баласының ІІІ топ мүгедегі екендігін алға тартып, мамандығына сай тұрақты жұмыспен қамтылуына көмек көрсетуді сұрады. Қабылдау барысында ананың өтінішін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Ардақ Алқожаева өзі тікелей бақылауға алып, жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал жасайтынын айтты.
Сондай-ақ, біріңғай қабылдау барысында биыл 1 сыныпқа баратын 5 мүмкіндігі шектеулі балғынға «KZ – Патриот» ЖШС демеушілігімен мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке табысталды.
- «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін шешуді, оларға қамқорық жасауды үнемі бірінші кезекте ұстап келеді. Бүгінгі еліміздің болшағы балғындарымызға жасалып отырған көмек те осының бір көрінісі. Балғындармыз сауығып кетсін, білімді - білікті үлкен азамат болып өссін, - деді өз сөзінде партия мүшесі, «KZ – Патриот» ЖШС директоры Ғалымжан Камалов.