ҚЫЗЫЛОРДАДА АКЦИЯ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДАН 307 АТЫС ҚАРУЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегінше аталған акция қағидаларына сәйкес, атыс қаруын ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен Қызылорда облысына 15 миллион теңге бөлінді.
Өткізіліп жатқан іс-шара барысында азаматтардан өз еріктерімен заңсыз қаруларды өткізу жайлы 160 арыз тіркеліп, 307 дана атыс қаруы қабылданды.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы азаматтардан республика аумағында өткізіліп жатқан акцияға үлес қосуға шақырады.