ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН БАСТАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуге арналған қайырымдылық акциясы бастау алды.
Шараға Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ләйлә Қожаниязова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев, жеке кәсіпкерлер және партия белсенділері, «Қадам» ЖШС-нің директоры Абунасыр Алдабергенов, «Номад Лайф» сақтандыру компаниясының Қызылорда облыстық филиалының директоры Ғани Қарғабай, «Карас-Ас Газ Құрылыс» ЖШС директорының орынбасары Жомарт Кәрімбаев қатысып, оқушыларға қажетті мектепке арналған кеңсе бұйымдарын табыс етті.
- Елімізде қамқорлыққа зәру жандарды қайырымдылықтан қағажу қалдырмау партиямыздың басты ұстанымы. Жыл сайын тұрмысы төмен, мұқтаждық көріп жүрген көпбалалы, асыраушысынан айырылған отбасыларға көмек көрсету бойынша дәстүрлі игілікті іс биыл да жалғасын тапты, - деді өз сөзінде Ләйля Қожаниязова.
Аталмыш акция республика көлемінде қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады.