ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҰДАЙЫ БАҚЫЛАНАДЫ

Тексеру қорытындыларымен еңбек заңнамасын бұзғандарға 2,5 млн. теңге мөлшерінде 15 айыппұл салынған.
Осы уақыт аралығында жеке және заңды тұлғалардың 452 өтініші қаралды. Олардың көпшілігі еңбек заңнамасына қатысты болып отыр. Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өтініштер қаралды. Өндірісте орын алған 23 жазатайым оқиға тексерілді.
Еңбек қарым-қатынастары мәселелері облыс әкімі жанындағы дағдарысқа қарсы штабта және үш жақты әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарының комиссия отырыстарында тұрақты түрде қаралуда.
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары мекемелер мен кәсіпорындар жұмысшыларымен 24 рет құқықтық оқыту мен кездесу, 8 мәрте семинар өткізді.