АРАЛДАҒЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Денсаулық саласындағы басты талап - медициналық қызметтің қолжетімділігі мен оның сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Қазір денсаулық сақтау саласында бірқатар реформалар жүргізіліп жатыр, атап айтқанда елімізде міндетті медициналық сақтандыру шараларына байланысты жұмыстар кеңінен жүруде.
Медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында биылғы жылы Арал ауданында да жаңалық жоқ емес. Бірнеше арнайы медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылды. Оның ішінде ең маңыздысы - ол «ВВNURA» гемодиализ орталығының ашылуы болды. Қазіргі таңда, шипа іздеген аралдықтар алысқа ұзамай, осы орталықтан тиісті емдерін алып жатыр.
Сондай-ақ, аудан тұрғындары биыл көптен бері шешімін таппай келе жатқан жаңа типтегі аудандық орталық аурухана құрылысын бастауға мүмкіндік алдық. Құны 4,5 млрд-тан астам қаржы тұратын құрылыстың биылғы жылға 1,1 млрд қаржы қаралып отыр.
Ауданының демографиялық көрсеткішінде де өсім бар. 2017 жылдың 6 айында 829 бала туылып, туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 10,9 дан 11,1-ге дейін жоғарылаған. Бұл туралы Арал ауданы әкімдігінің өкілдері мәлімдеді.