«БЖК – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАРТЫ ЖЫЛДА 50 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ
Осы жылдың 6 айында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несиеге 50 шағын және орта бизнес субъектілері қол жеткізді.
Жалпы сомасы 1,9 млрд теңге көлемінде несие беріліп, кәсіпкерлерге несиесін өтеудің ауыртпалығын жеңілдету мақсатында мемлекет тарапынан үстеме пайызы субсидиялануда. Мемлекет есебінен төленген субсидияның сомасы бірінші жарты жылдықта 374 млн.теңгені құрап отыр.
Банкте кепілмүлкі қажеттілігі кезінде кепілдендіру құралын пайдаланылатын жобалар саны 4 есеге көбейді. «Даму» Қорының бөлшек кепілдендіру құралының көмегімен кәсіпкерлердің кепілмүлкінің жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндіктері бар.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ аймақта шағын және орта бизнесті несиелендіру бойынша ең белсенділер қатарынан көрінуде. Салалар бойынша қолдау тапқан жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, транспорт және қойма қызметі, тұрғын үй мен тамақтану бағыттарында жүзеге асырылып отыр. «Даму» Қорының Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 2017 жылдың бірінші жарты жылдығына 2564 әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкер қызметтерге жүгінді. Қор кеңесшілері көмегімен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 38 жобасы қаржыландыруға дейін сүйемелденді, 68 адам ресми түрде өз бизнесін тіркеді.
«Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламасы аясында бизнес құру мен дамытуды мақсат еткен 73 қатысушы оқудан өтті, оның ішінде 19 қатысушы жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркелді. Шағын және орта бизнес басшыларының біліктілік құзыреті деңгейін көтеруге бағытталған «Шағын және орта бизнес топ-менеджерлерін оқыту» жобасы бойынша «Назарбаев Университеті» АҚ базасының бизнестің жоғары мектебінде 9 кәсіпкер оқудан өтті.
Жыл басынан бері «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 17 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығына «Даму» Қорының Қызылордалық филиалы тарапынан «Өзгерістерге ұмтылыс» атты мүгедектігі бар кәсіпкерлердің облыстық форумы ұйымдастырылды. Форум аясында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің қолынан шыққан өнімдер мен көрсететін қызметтер ұсынылған көрме өтті. Көрмеде 20-аса компания естелік сыйлықтардан құрылыс материалдарына дейінгі түрлі тауарларын назарға ұсынды.