ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫН ҚАЙТАРУ БАСҚАРМАНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА ТҰР
Биыл облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы тарапынан жалақы қарызының қалыптасу жағдайының алдын алу шаралары тиімді жүргізілді.
Бүгінгі күнде облыс бойынша үш айдан астам жалақыдан қарызы бар мекемелер жоқ.
Жыл басында 3 мекеменің 428 жұмысшыға жалақы қарызы 85,3 млн теңгені құраған болатын. Бүгінгі күні осылардың ішінде «РМЗ Шапағат» ЖШС мен «Шалқия Неруд» ЖШС бойынша жалақы қарызы толық өндіріліп, «Миниса Үміт» мектепке дейінгі кіші орталық бойынша банкроттық рәсімі жүргізілуде.
Жалпы облыс бойынша банкроттық және оңалту рәсімі жүргізіліп жатқан 6 кәсіпорында 122 жұмысшыға, барлығы 21,3 млн. теңге жалақы қарызы қалыптасқан.
Аталған кәсіпорындардағы жалақы қарызын өндіру жұмыстары Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаментінің конкурстық басқарушыларымен жүргізілуде.