АРАЛДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

2016 жылы басталған Қызылжар елді мекеніне кіре беріс автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарының ІІ кезеңі де биыл іске асырылады.
Сонымен қатар аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» автомобиль жолының 11 шақырымы орташа жөндеуден өткізілуде.
Жолдарды жөндеу жұмыстары Арал қаласы көшелерінде де қарқынды жүргізілуде. Қаланың көптен бері жөндеу көрмеген, халықтың жолға байланысты орынды сынына ұшырап жүрген Баймұратов, Сарсенбаев, Сапақ би, Космонавтар, Терешкова көшелеріндегі автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.