ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ
Осы жылдың 6 айында Шиелі ауданында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасты.
Аудан тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, ішсүзегі, қылау, оба, қызылша, қызамық, көкжөтел, сіріспе, эпидпаротит, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, трихинеллез, иерсиниоз, безгек, ҚКГБ, құтырма, қүл аурулары мен АИТВ тудырған ауру тіркелмеген.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аудан көлемінде жұқпалы аурулардың 6 түрі бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі байқалды. Дегенмен осы уақыт аралығында мерез, энтеребиоз, жедел респираторлы инфекция мен педикулез өсті.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, көктемгі мезгіліндегі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды.
Аудан әкімінің өкімімен көктемгі кенеге қарсы улау жұмыстары 28 елді мекенде жүргізілді. «Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы» ауруына қарсы жүргізілген кенеге қарсы дезинсекция жұмыстары мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық конкурсы арқылы жеңімпаз болыптанылған «Төрт түлік белгілері» ЖШС мекемесі арқылы жүргізіліп, мамыр айының 22-сі күні аяқталды.
Барлық елді мекендерде медицина қызметкерлері көшпелі семинар-тренингтер ұйымдастырылып, ауданның 99 дәрігері, 514 орта буын мед қызметкерлері дайындықтан өткізілді.