ҚЫЗЫЛОРДАДА БПҰ МҮШЕЛЕРІ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шараға №2 қалалық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Венера Садманова, қалалық партия филиалы есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі Бағдат Серікұлы және бастауыш партия ұйым мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Бағдат Серікұлы партия тарапына тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатқанын атап өтті.
- МӘМС жүйесін енгізу кезінде әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу немесе болуы мүмкін қайшылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, - деді ол.
Өз кезегінде Венера Садманова МӘМС жүйесінің тиімділігін айта отырып, қалай жүзеге асырылатындығы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шара соңында партиялықтар жаңа жүйенің нәтижелі іске асырылуы үшін халықтың барлығының белсенді қатысуына шақырды.