ЖҰМЫСШЫ ТОП ЗАҢСЫЗ ЖЕР ИЕЛЕНГЕНДЕРДІ АНЫҚТАДЫ
Қызылорда қаласында мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін өз бетінше иеленіп, заңсыз құрылыс салғандарға байланысты жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов пен және Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ж.Асанов бекіткен «Жер заң негізінде – басып алуды тоқтатайық» жобасына іске асыру жоспарына сәйкес бекітілген Жол картасы негізінде «Қызылорда қаласы аумағындағы пайдаланылмай және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жер учаскелерін анықтау бойынша жұмысшы топ құру туралы» Қызылорда қаласы әкімінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 1540/1 өкімі қабылданды.
Аталған жұмысшы топқа ішкі істер, әділет, салық, жергілікті уәкілетті органдарынан және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамынан мүшелікке енгізілді.
Жұмысшы топ Қызылорда қаласына қарасты бірнеше тұрғын аудандарына тіисті аралау, анықтау жұмыстарын жүргізілді.
Осы жылдың 1 жартыжылдығында Арай, Ипподром, СПМК-70, Сәулет, Саяхат, Рисмаш тұрғын аудандарында және «Сырдария» өзенінің сол жағалауындағы орналасқан жер учаскелеріне аралау, анықтау, зерттеу жұмыстары жүргізілді, бүгінгі күні бұл жұмыстар Шанхай және Коммунизм аудандарында жалғасуда.
Осы жылдың 15 маусымына дейін 657 жер учаскесі араланып, оның ішіндегі 532 жер учаскесінің құқық белгілейтін құжаттары бар екендігі анықталды.
Бұл ретте, 21 жер учаскесі өз бетінше иеленіп, заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізгендігі анықталды. (Ипподром тұрғын ауданы–2, Сырдария өзенінің сол жағалауынан-11, Арай тұрғын ауданынан-1, Саяхат тұрғын ауданынан-3 және Сәулет тұрғын ауданынан-1).
Аталған жер учаскелерін өз бетінше иеленген 21 тұлғаның 4-і әкімшілік жазаға тартылып, жерді босату жөнінде нұсқамалар берілген. Ал қалған 17 тұлғаның әкімшілік жауапкершіліктерін шешу жөнінде облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалауын бақылау басқармасына ұсыныс хат жолданды.
Осы ретте, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 15 күмәнді жер учаскесі бойынша қала әкімінің 16.02.2004 жылғы №1961 қаулысына сәйкес, қала маңындағы орман шаруашылығынан көлемі 3051 гектар жері Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне табысталып, сәйкестендіру құжаты берілген.
Аралау барысында жер учаскесінің сәйкестендіру құжаттары автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (АЙС ГЗК) деректер базасына енгізілмеген жер учаскелерін енгізу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіне мәліметтер жолданды.