АРАЛДА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Облыс әкімінің қолдауымен Арал қаласынан «Рәміздер» алаңын салу және абаттандыруға 174,4 млн. тенге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Аудандағы абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 249,5 млн теңге қаржы қаралды. Биыл 9,4 млн тенгеге ауған соғысы ардагерлерінің аллеясы жаңғыртылып, орталық паркте орналасқан З.Шүкіровтің ескерткіші қалалық мәдениет үйінің ауласына көшірілді. Қаладағы № 262 мектеп-гимназиясынан Д.Нұрпейісова көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Сондай-ақ, Қамыстыбас елді мекеніндегі демалыс орнына ауыз су тартылды.
Қаладағы С.Сейфуллин, Әйтеке би (АБ-6 274,0 мың теңге) көшелері бойындағы қорымдарды қоршау жұмыстары басталып, Арал қаласының У. Қосымов көшесі бойында орналасқан сағат құрылымын абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.