МАЛ ҰРЛАҒАНДАР ҰЗАҚҚА БАРМАДЫ
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша оқиға осы жылғы сәуір айының соңында болған. Қала тұрғыны өзінің танысымен кездесіп, ұрлық жасау арқылы пайда табу үшін жоспар құрады.
Көп ұзамай екеуі дария жағасында қараусыз жайылып жүрген 5 сиырды айдап әкетеді. Осылайша олар мал иесіне 400 мыңға жуық мүліктік шығын келтіреді.
Ұрлықтың дәмін татқан екеуі мұнымен де тоқтамай 8 шілде күні сол аумақтан тағы да 5 сиырды қолды қылады.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұрылар ұсталып, ішкі істер басқармасына жеткізілді.
Қазір аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 1, 2-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында шаралар қабылдануда.