ҚАЛАДА КӘСІПКЕРЛІК ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ
Биыл облыс орталығындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 26 615-ке жетті. Жылдың 6 айында бұл салада жаңадан 2056 жұмыс орны ашылды.
Қызылорда қаласы әкімдігінің мәліметінше шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2 семинар және 1 дөңгелек үстел өткен. Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 50 млрд 167 млн. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылуда. Ондағы 1 жоба республикалық картаға, қалған 8 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жобалар толық іске қосылғанда 1107 адам жұмыспен қамтылатын болады.