АРАЛДА СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Арал ауданының спорт саласында да жағымды жаңалықтар жетерлік. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының әртүрлі чемпионаттары мен біріншіліктерінде аудан спортшылары 5 күміс, 8 қола медальға ие болды. Сонымен қатар есепті кезеңде 93 спорттық іс-шара өткізіліп, ауданда спортпен шұғылданушылар саны халықтың 26,3 пайызын құрап отыр.
Сонымен қатар, биылғы жылы спорт саласында бірнеше нысанның құрылысы салынбақ. Атап айтсақ, Сексеуіл кентінде спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Арал қаласында, Сексеуіл кентінде және Сазды елді мекенінде ашық спорт алаңдары пайдалануға беріледі.