МАЛ ІНДЕТІНЕ ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАНЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП

Ауданда сарып індетіне қарсы 16900 сиыр, 30211 уақ мал тексеріліп, Мырзабай ахун ауылынан анықталған 1 уақ мал ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес жойылды. Ал Далдабай ауылынан осы індетке шалдыққан 3 уақ мал жасалынған меморандумға сәйкес Түркістан қаласына тасымалданып, ветеринариялық – санитариялық ережеге сай сойылды.
Сондай-ақ, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жоюды ұйымдастыруға қаралған қаржы есебінен 674 ит пен 15 мысық жойылды. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасуда.