КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Шиелі ауданы әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов білім саласында нәтижелі еңбегімен ерекшеленіп келген бірқатар алтын және күміс алқа иелері мен олардың балаларына сауықтыру орталығына жолдама табыстады.
Енді көпбалалы 30 ана Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Таң-Нұры» профилактикалық сауықтыру орталығына барып, тынығып қайтатын болады.