ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК КЕШЕНГЕ САПАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қорқыт ата кешені және «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне орай ашылған этноауылмен танысуды мақсат еткен оларды сала мамандары мен үкіметтік емес ұйым қызметкерлері бастап барды.
Сапар аясында «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері мемлекет тарапынан мүгедектерге көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы мағлұмат берді.
Бірлестік қолдауымен қасиетті өңірге табан тіреген азаматтар өздеріне көрсетілген қамқорлыққа ризалықтарын жеткізді.