ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 2 АВТОКӨЛІК ҰРЛАҒАН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде К.М есімді қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында оның осы күні түнде Қызылжарма ауылы тұрғынының автокөлігін ұрлап кеткендігі анықталған. Әккі ұры түнгі мезгілде көлік құралының қараусыз қалғанын оңтайлы пайдаланыпты.
Қазіргі таңда күдікті қамаққа алынды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.