ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТА ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛДЫ

Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймақтан жер телімдері табысталған 4 жобаның екеуінің құрылысы салынып жатыр.
«Мир-2001» ЖШС-нің құны 145 млн теңге «Бетон бұйымдарын шығару және құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы» жобасы бойынша жұмыс қыза түсті. Нысан басында 12 адам жұмыспен қамтылған.
Өндірістік аймақтағы келесі нысан жеке кәсіпкер Қайрат Бердібаевтың темір қалдықтарын қайта өңдеу бастамасы бойынша салынып жатыр. Құны құны 36 млн теңге болатын нысанда оншақты адам жұмыс істеуде.
Жеке кәсіпкер Тұрсын Төлепов осы өндірістік аймақтан жиһаз цехын ашқысы келеді. «Раннар» ЖШС де осы аймақтан ұн сақтайтын қойма салу үшін құжаттарын рәсімдеуде.
Өндірістік аймаққа жобалар орналастыру үшін облыспен қатар өзге өңірлерден де инвесторлар тарту жұмыстары жалғасуда.