ҚАЗАЛЫДА АУЫЛДЫҚ КЛУБТАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес биыл мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 18900 мың теңге қаралған. Аудандық мәдениет орталығына өнерпаздар киімдерін алуға 3900 мың теңге, Ақсуат, Майдакөл, Абай, Тасарық, Лақалы ауылдық клубтары мен Бозкөл ауылдық мәдениет үйіне 15 млн. теңгеге музыкалық аппаратуралар, сонымен қатар Тасарық ауылдық клубына 100 орындықты театр креслосы сатып алынды.
Қайта салуға жатқызылған Жалаңтөс батыр ауылына 150 орындықты типтік жобадағы клуб құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен 203 429 мың теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС-мен келісім-шартқа отырған болатын. Қазіргі таңда, клуб құрылысының 2-ші қабатының төбе шатырларын жауып, ауласына брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде.