АРАЛДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Арал ауданындағы энергетика саласына биылға 261,8 млн теңге қаржы қаралды. Оның ішінде 188,6 млн теңгеге Арал қаласындағы №1 мөлтек ауданының электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Қазіргі таңда «ҚЭТТК» акционерлік қоғамына қарасты Арал аудандық электр торабының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Қаратерең, Қарашалаң, Бөген бағытындағы ағаш бөренелер темір-бетон бөренелерге ауыстырылып, Қаратерең елді мекеніне 1 жаңа трансформатор орнатылды. Жөндеу барысында электр желілері бойындағы электр сымдарын ішінара ауыстыру, сымдарын керіп тарту, темір-конструкциялық элементтерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.