ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰРАМА ЖЕМ ЗАУЫТЫ АШЫЛАДЫ
Бүгін облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз өкілдерімен пресс-тур болды.
Алдымен Қызылорда қаласында ашылған ескі автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығаратын өндіріс орны «Смарт-Раббер» ЖШС-да болдық. Қуаттылығы жылына 270 тонна резеңке ұнтақ шығару, жылына 440 тонна белсендірілген резеңке ұнтақ, 3,9 млн метр жер асты суару түтігін шығарады.
Мекемеде слесарь болып жұмыс істейтін Талант Өрікбаевтың айтуынша, Германиядан өндірісте қолданылатын технология әкелінген.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-нан «КазКаучук» ЖШС-не 210 млн теңге грант қаражаты бөлінген. Негізінен өндіріске 2,5 тонна шикізат салу арқылы 1,5 тонна өнім алынады. Қазіргі таңда 40 шақты адам жұмыспен қамтылған.
Аталған жер асты суару түтіктер инновациялық өнім болып табылады. Республика бойынша бұл өнімнің баламасы жоқ. Бүгінде мекеме «Қор», «Дорстрой», «Ибрайхан и К» мекемелерімен бірлесіп жұмыс жасауда.
Ал жоба құны 375,9 млн теңге болатын қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін «Жан Арай Жем» ЖШС «құрама жем өндіру зауытының» бүгінде құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба «Байқоңыр» ӘКК ҰК» АҚ қатысуымен жеке меншік және мемлекет арасындағы әріптестік негізінде жүзеге асырылуда.
Айта кету керек, қазіргі таңда облыстың ауылшаруашылығы саласында құрама жем өндіретін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Осыған орай, кәсіпорын құрама жем зауыт жобасын жүзеге асыруды қолға алып отыр. Кәсіпорын құрама жемді герман технологиясы бойынша өндіретін болады. Жыл сайын облыс көлемінде мал басының көбеюі өз кезегінде құрама жем зауытының қажеттілігін арттыруда.
Шынар БЕКБАН