ЖАҒАЖАЙДАҒЫ ЖАСТАР ЖАРЫСЫ
Облыс орталығындағы «Сыр Самалы» жағажайында облыстық жастар мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен спорт жарыстары өтті.
Облыс орталығындағы мекемелер мен ұйымдардан он екі команда қатысқан жарыстың көрермені көп болды.
Академиялық есу сайысынан «Қазсушар» РМК командасы озық шықты, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК командасы екінші, ал БЖЗҚ спортшылары үшінші орын иеленді.
Жағажай волейболынан «Қазгермұнай» БК» ЖШС командасына тең келер ешкім болмады. Бұл спорт түрінен «Қазақстан темір жолы» АҚ ұжымы екінші орынға көтерілсе, «Қазсушар» РМК командасына үшінші орын бұйырды.
Жеңімпаз командаларға грамота мен жүлделер табыс етілді.