ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІНДЕ ЖАҢА САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН МЕЙМАНХАНАЛАР САЛЫНАДЫ

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Әйтеке би кентінің солтүстік беткейінен кәсіпкерлік мақсатындағы көлемі 57 гектар жаңа аумақтың құрылысын салу жобасы әзірленді. Жоба бойынша қонақ үй, сауда үйлері, дәмхана, ашық базарлар, монша, жанар-жағармай бекеттері, автокөліктерге қызмет көрсету орталықтары, қоймалар нысандары орналасады.
Сонымен қатар, Қазалы қаласы, Басықара, Үрмәш Түктібаев, Ақтан батыр ауылдарының абаттандыру мақсатында нобайлық жобалар жасалды. Жобаларда жаңа орталық алаңдары, жастар саябақтары, спорт және балалар ойын алаңдары қарастырылған және де мерекелік іс-шаралардың орналасу сызбалары дайын тұр.