КООПЕРАТИВТЕРДЕ КӨП АДАМҒА ЖҰМЫС ТАБЫЛДЫ
Былтырдан бастап «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне еніп, жер-жерде шаруашылықтарды біріктіру қолға алынды. Жекелерді біріктіру арқылы жетістікке қол жеткізуді көздеген бастама аясында біздің облыста да біраз оңды шаруа жүзеге асты.
Мысалы, Жалағаш ауданы бойынша 146 шаруашылықтың бірігуімен 39 кооператив құрылып, оларда 1322 адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың басым көпшілігі егін шаруашылығымен айналысса, біразі егін мен мал шаруашылығына бейімделді,