МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН КУРС

–Екі күндік курста кәсіпкерлік ұғымы жөнінде түсінік беріліп, бизнесті қалай бастауға болатындығы, бизнес-жоспар жасау ерекшеліктері туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар курста өте белсенді болды. Сауалдардың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламаларға қатысты. Әсіресе, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағыты: инновациялық гранттарды алу жолдарына ерекше қызығушылық танытты, - дейді кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мәдина Қасымжан.
Шара барысында курсқа қатысушыларға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту – 2017-2021» бағдарламасы бойынша несие алушы үміткерлерге, кепілге қойылатын мүліктерге қойылатын талаптар таныстырылды.
Курсқа қатысқан 25 азаматқа сертификат табыс етілді.
Айта кету керек, жыл басынан бері «Бизнес-кеңесші» оқыту курсы бойынша 1259 азамат кәсіпкерлік саласына қатысты біліктілігін жетілдірді.
