АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНДЕ ӨСІМ БАР
Жалағаш ауданында “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары аясында 2017 жылға сатып алынатын мал саны жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде.
Аудан әкімдігінің есебінде жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасы 18,3 пайызға, «Құлан» 146,0 пайызға, «Алтын асық» 140 пайызға орындалғандығы айтылады.
Жалпы аудандағы мал шаруашылығы саласында өсім байқалады. Айталық, осы жылдың 6 айында ет өндіру 3 пайызға, сүт өндіру 0,6 пайызға, жұмыртқа 1,1 пайызға артқан.
Ауданда түліктің барлық түрлеріндже өсім байқалады. Дәл қазір мұнда 34 525 сиыр, 11 318 жылқы, 465 бас түйе, 69 395 бас қой-ешкі бар.