ҚЫЗЫЛОРДАДА НАЙЗАҒАЙ ОЙНАП, БҰРШАҚ ЖАУАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2-3 тамызда, 4 тамыз түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, 3 тамызда солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы