АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ
Сырдария ауданының экономикасына жыл басынан бері 6171 млрд 8 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 186,4 болып отыр. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлайды.
Соның ішінде үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары және өзге де шығындар бойынша 5278,6 млн теңгені, машиналар, жабдықтар, құрал саймандар алу бойынша 893,2 млн. теңгені құрады.
Сондай-ақ 5026,0 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 132,0 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 140,7 пайызды құрап отыр.